Атыраулықтар 28 маусымда қоғамдық көлікте тегін жүреді

28 Маусым 2023, 13:40
611
Бөлісу:
Атыраулықтар 28 маусымда қоғамдық көлікте тегін жүреді
Фото: архив

Бүгін – Құрбан айт мейрамының бірінші күні. Мейрамға орай Атырау қаласының тұрғындары Құрбан айт мейрамының алғашқы күнінде қоғамдық көліктерде тегін жүреді, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала тұрғындары мен қонақтары Құрбан айт мейрамының алғашқы күнінде қоғамдық көлікте тегін жүреді. Қоғамдық көліктер кестеге сәйкес таңертеңнен кешке дейін жолаушыларды тегін тасымалдайды. Жолаушылардың жас ерекшелігіне шектеу қойылмайды, - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, бұл әкімдік пен жолаушы тасымалдайтын кәсіпорындардың ортақ шешімімен қабылданғаны белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы