Атыраулық студент қол күресінен әлем чемпионы атанды

5 Қыркүйек 2023, 12:45
591
Бөлісу:
Атыраулық студент қол күресінен әлем чемпионы атанды
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 2 курс студенті Нұрым Аманов пара-армрестлингтен ересектер арасындағы сайыста (+80 кг) оң қол күресінен әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сондай-ақ, аталған сайыста университеттің дене шынықтыру және спорт мамандығының студенті Бекзат Рахымжанов (+65 кг) оң қол күресінен екінші орынды жеңіп алды. 

Спортшылар Алматыда өткен Армрестлингтен 44-ші әлем чемпионаты мен пара-армрестлингтен 25-ші әлем чемпионатына қатысқан. Спорттық додаға әлемнің 52 мемлекетінен 1200 спортшы қатысқан. Чемпионатта Қазақстан атынан 256 спортшы ел намысын қорғады. 

Жеңімпаз студенттер Атырау облысындағы «Мүгедектердің спорттық клубында» жаттығады. Спортшыларды өңірге белгілі спорт шеберлері Р.Құрман, К.Тарабрин және И.Телеугалиевтар жарысқа дайындаған. 

Өзгелердің жаңалығы