Атыраулық полицейлер оқыс оқиғаға тап болған әйелді ажалдан арашалап қалды

2 Қаңтар 2024, 03:19
804
Бөлісу:
Атыраулық полицейлер оқыс оқиғаға тап болған әйелді ажалдан арашалап қалды

Атыраулық полицейлер жуынатын бөлмеде құлап қалған әйелді ажалдан арашалап қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, 31 желтоқсан күні «анам құлап қайтыс болды» деп Атырау қаласының тұрғыны полиция шақырған.

Жуынатын бөлмеде құлап жатқан әйелдің неден қайтыс болғанын тексеруге келген полицияның Жедел-тергеу тобының криминалистері 1947 жылы туған әйел адамнан тіршілік белгілерін, яғни ақырын тамыр соғысының барын анықтап дереу жедел-жәрдем шақыртқан. Осылайша, 76 жастағы әжей дәрігерлерге тапсырылды, - делінген ведомствоның хабарламасында.

Есеңгіреп қалған әжейдің туыстары полицейлерге алғысын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы