Атыраулық өрт сөндірушілер Батыс Қазақстан облысына көмекке аттанды

15 Наурыз 2023, 13:30
575
Бөлісу:
Атыраулық өрт сөндірушілер Батыс Қазақстан облысына көмекке аттанды
Фото: Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті

Атыраулық құтқарушылар Батыс Қазақстан облысында елді мекенді су басуына байланысты көмекке аттанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі жазды. 

Кеше облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 49 қызметкері 9 бірлік техника мен 3 үрмелі қайық және 7 мотопомпамен жолға шықты. 

Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында облыстық Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Тілекқабыл Досмағанбетовтің басшылығымен құтқарушылар көшелердегі суды ПНС-110 автокөлігімен сору жұмыстарын жүргізуде. 

Атыраулық өрт сөндірушілер Батыс Қазақстан облысына көмекке аттанды

Сонымен қатар, БҚО Қаратөбе ауданында құтқарушылар үрмелі қайықпен каналдың арғы бетінде қалған тұрғындарды эвакуациялап, құм толтырылған қапшықтар төсеп, бөгеттер жасауда.

Өзгелердің жаңалығы