Атыраулық оқушы 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды

6 Маусым 2022, 22:07
1722
Бөлісу:
Атыраулық оқушы 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда мектеп оқушысы психотроптық заттарды сақтып, тасымлдағаны үшін сотталған.

Бұл туралы Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Биылғы жыл басынан бері кәмелет жасына толмаған 20 оқушы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны анықталып отыр. Оның ішінде 13 ауырлығы орташа, 7 ауыр қылмыс бар.

Кәмелет жасына толмаған оқушы К Telegram интернет-арнасынан жұмыс тәжірибесі жоқ болса да жалақысы жоғары жаяу курьер қажет екені туралы хабарландыруды тапқан. Курьердің жұмысына психотроптық заттарды жасырын орындарға жеткізу кіретінін біле тұра материалдық тұрғыдан тез баю мақсатын көздеген. Оның аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында сақтау, тасымалдау, өткізуге бағытталған электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы қылмыстық ниеті анықталған. Нәтижесінде оқушы К 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Осыған байланысты қадағалау ведомствосының қызметкерлері ата-аналарға балалардың интернет желісінде отыруын қатаң бақылауды ұсынады.

Өзгелердің жаңалығы