Атыраулықтар экологиялық таза автобустармен жүреді

6 Қаңтар 2021, 23:45
1561
Бөлісу:
Атыраулықтар экологиялық таза автобустармен жүреді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көгілдір отынмен жүретін 160 автобустың алды облыс халқына қызмет ете бастады. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады..

Жаңа автобустардың қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында автопарк ішінде метан газ құю бекеті салынған. Толық автоматтандырылған Оңтүстік Кореялық компрессорлар негізінде үздіксіз жұмыс жасайды.
Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов өткен аптада жаңа автобустардың дайындығын арнайы барып көрген болатын. Облыс басшысы табиғи таза отынмен жүретін көліктердің Атырау өңіріне аса қажеттігін айта келіп, қала әкімі мен автопарк директорына халыққа қалтқысыз қызмет етуге мүмкіндік жасау керектігін баса тапсырды.

Жаңартылған автобустар негізгі 6 бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдай бастады. Экологиялық таза техниканың игілігін облыс орталығының тұрғындарымен қатар қала маңындағы елді мекен халқы да көріп отыр. Бұдан бөлек, биыл жолаушылар тасымалына жұмылдырылған автобустар санын 140-тан 250-ге дейін көбейту жоспарлануда. Бұл саптағы 220 автобус мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қажеттіліктері үшін толық бейімделген.

Айта кету керек, биыл қалада бұрын қамтылмай келген 3 бағытқа жаңадан автобустар қатынай бастады. Автопарктің дайындық деңгейіне байланысты жақын арада жаңадан 5 маршрутты іске қосу жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы