Атыраулық кикбоксшы екі дүркін әлем чемпионы атанды

4 Желтоқсан 2019, 13:26
11598
Бөлісу:
Атыраулық кикбоксшы екі дүркін әлем чемпионы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияның Анапа қаласында кикбоксингтен өткен әлем чемпионатында атыраулық Жандос Назарбеков жеңімпаз болды, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Екі жылда бір рет өтетін әлем біріншілігіне Жандос Назарбеков 60 келі салмақта - 2017 жылғы Будапештте өткен әлем чемпионатының жеңімпазы, айқын фаворит ретінде келді, - делінген ақпаратта.
Жандос іріктеу кезеңдерінде Марокко, Норвегия және Қырғызстан елдерінің өкілдерін ұтса, ақтық сында украиндық қарсыласынан басым түсті.
Өзгелердің жаңалығы