Атыраулық дәрігерлерге шеберлік сағаты өткізілді

25 Қараша 2019, 21:42
4528
Бөлісу:
Атыраулық дәрігерлерге шеберлік сағаты өткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің Санкт-Петербург қаласынан келген мамандар Атырау облыстық балалар ауруханасының анестезиолог мамандарына шеберлік сағатын өткізді, деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл шара Нұр-сұлтан қаласындағы "Жұлдыз-ай" медициналық оңалту орталығының бастамасымен және Атырау облыстық денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен қолға алынды. Санкт-Петербург мемлекеттік педиатриялық мединициналық университетінің балалар клиникалық ауруханасының анестезиология және жансақтау бөлімінің кураторы, медицина ғылымдарының докторы Юрий Александрович пен медицина ғылымдарының кандидаты Дмитрий Заболотский атыраулық дәрігерлерге анестезиология мен реаниматология саласындағы соңғы жаңалықтар мен инновациялар технологиялар және озық әдістер туралы айтты. 
Бұл іс-шара біздің орталықтың менторлық бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Бұл бағдарлама аясында, біз алыс-жақын шетелдерден мамандар шақырып, олардың жергілікті мамандарға шеберлік сағаттарын өткізуін ұйымдастырамыз. Мамандардың халықаралық тәжірибеден хабардар болуын қамтамасыз етуге тырысамыз, - дейді, "Жұлдыз-ай" медициналық оңалту орталығының директоры Ұлжалғас Мұхамбетова.
Психоневрологиялық патологиясы бар балаларды оңалтумен айналысатын орталық жетекшісінің айтуынша, бүгінде халықаралық тәжірибе аталған балаларды ерте оңалту үдерістерінің әлдеқайда оң нәтиже беретінін дәлелдеп отыр. Осы орайда, орталық еліміздегі перинаталды орталықтар ішінен ерте оңалту кабинеттерін ашуды қолға алған. Әзірге, Нұр-Сұлтан қаласындағы перинаталды орталықта ашылған кабинет, жақын арада Өскемен, Шымкент және Атырау қалаларының да аталған мекемелерінде де ашылатын болады.


Өзгелердің жаңалығы