Атыраудың жедел-жәрдем көліктері 100 пайызға жаңартылды

13 Қаңтар 2021, 21:35
1220
Бөлісу:
Атыраудың жедел-жәрдем көліктері 100 пайызға жаңартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін облыстық медициналық жедел-жәрдем стансасы тағы 20 медициналық көлікпен толықты.

Осылайша, өңірдің медициналық жедел жәрдем стансасындағы көліктер 100 пайызға жаңартылды, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Облыстық жедел-жәрдем стансасының директоры Бауыржан Төлегеннің айтуынша, жаңа көліктер «ҚДБ – лизинг» есебінен алынған. 
Жеткізілген автокөліктердің үшеуі аудандарға жіберілетін болса, қалған 17-сі қалалық жедел-жәрдем стансасына беріледі.  Бүгінде облыс көлемінде тәулігіне 700-750 шақырту келіп түсуде. Пандемия өршіген тұста қоңыраулар саны 1700-ге дейін жеткен болатын, - дейді Бауыржан Төлеген.
Қазір стансада жаңадан келген 66 жедел жәрдем медициналық көлігі бар. Оның 20-сы бүгін беріліп, 46-сы өткен жылы келді. Атап айтқанда, 2020 жылдың қазан айында 28 жедел жәрдем көлігі келсе, қараша айында 18 көлікпен толықты.   

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта өңірде  COVID-таксилер жоқ. Оның орнына жедел-жәрдем стансаларының көлігі қызмет етуде. Жедел-жәрдем көлігі шұғыл шақыртуға 12-13 минутта жетеді.
Өзгелердің жаңалығы