Атыраудың медициналық орындарында 4 оттегі стансасы ​іске қосылды

8 Желтоқсан 2020, 13:45
1342
Бөлісу:
Атыраудың медициналық орындарында 4 оттегі стансасы ​іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тағы осындай 5 станса жыл аяғына дейін қолданысқа беріледі, деп хабарлады Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Облыс бойынша 9 оттегі станциясын жасақтау жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда 4 оттегі стансасы пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, облыстың медициналық ұйымдары 27 рентген, 4 МРТ, 12 компьютерлік томография аппараттарымен қамтамасыз етілді. Мұның барлығы коронавирус инфекциясына және коронавирустық пневмонияға шалдыққан науқастарға ем көрсетуде қажетті жабдықтар, - деп атап өтті Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Нина Оспанова.

Еске сала кетелік, бүгінгі таңда облыстың мемлекеттік медициналық ұйымдары пандемия кезінде қажетті ем-шара жасауға арналған дәрі-дәрмектің 2 айлық қорымен қамтамасыз етілді. Атырау облысы әкімінің тікелей қолдауымен, дәріханаларды қамтамасыз ету мақсатында коронавирус инфекциясын емдеуге арналған дәрілік заттардың 42 аталым бойынша қоры жасақталып отыр.
Өзгелердің жаңалығы