Атыраудың бұрынғы әкімі екі айға қамауға алынды

12 Қараша 2023, 19:13
665
Бөлісу:
Атыраудың бұрынғы әкімі екі айға қамауға алынды
Фото: azh.kz

Атыраудың бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының шешіміне сәйкес екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін ол 9 қарашада "жер телімдері саласында алаяқтықпен айналысты" деген күдікпен ұсталған болатын.

Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының 11 қарашадағы қаулысымен Қайрат Оразбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды, – деп жазылған сот хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы