Атыраудың 5 ауданына жылжымалы медициналық кешендер берілді

20 Қазан 2020, 16:09
1483
Бөлісу:
Атыраудың 5 ауданына жылжымалы медициналық кешендер берілді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов 5 жылжымалы диагностикалық медициналық зертхананың кілтін аудандардан келген  емдеу мекемесі басшыларына табыстады, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Мобильді диагностикалық медициналық кешен Индер, Исатай, Қызылқоға Мақат және Махамбет аудандарына берілді. Бұған дейін жылжымалы зертхана Жылыой және Құрманғазы аудандарына жеткізілген болатын. Осылайша, облыстың жеті ауданы бірдей мобилді диагностикалық медициналық кешенмен қамтылды.  

Атыраудың 5 ауданына жылжымалы медициналық кешендер берілді

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асхан Байдуәлиевтің айтуынша, медициналық кешен барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған.

Атыраудың 5 ауданына жылжымалы медициналық кешендер берілді

Медициналық кешен арқылы аудан тұрғындарының созылмалы инфекциялық емес ауруларын ерте анықтай аламыз. Көптеген қажетті профилактикалық, емдік және сауықтыру іс-шарасын жүргізу мақсатында азаматтардың денсаулық жағдайын тереңдетіп тексеру үшін көшпелі жағдайда диагностикалық зерттеулердің кең спектрін жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, кешен арнайы лифт-пандуспен жабдықталған және онда мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жеке кіру есігі қарастырылған, - деді басқарма басшысы.

Атыраудың 5 ауданына жылжымалы медициналық кешендер берілді

Медициналық кешеннің ерекшелігі - бір күнде 150 адам терапевт, кардиолог, хирург, эндокринолог, оториноларинголог, окулист, ультрадыбыстық зерттеу және рентген мамандарының қызметіне жүгіне алады. Кешеннің көмегімен алпыстан астам ауруға диагноз қоюға мүмкіндік бар. 

Атыраудың 5 ауданына жылжымалы медициналық кешендер берілді

Айта кетейік, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі сатып алған 100 бірлік жылжымалы диагностикалық медициналық зертхананың бесеуі  Атырау облысына бөлініп отыр.

Өзгелердің жаңалығы