Атыраудан Нұр-Сұлтанға бағыт алған ұшақ құстарға соғылды

11 Қараша 2020, 10:03
1592
Бөлісу:
Атыраудан Нұр-Сұлтанға бағыт алған ұшақ құстарға соғылды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атыраудан Нұр-Сұлтан қаласына шыққан ұшақ топтасқан құстарға соғылған. Әуе командирі кері қайту туралы шешім қабылдаған.

Әлеуметтік желіде ұшақта болған оқиға пайда болды. 

Видеодан көріп тұрғанымыздай, «біз жанып жатырмыз, ұшақ жанып жатыр ма?» деп үрейі ұшқан жолаушылардың дауысын естуге болады. 


Әуекомпанияда ұшақта 115 жолаушы болғанын айтты. Ұшақ биіктікке көтерілгенде, бір топ құс келіп соғылған. Алдын ала болжам бойынша, қаздар мен үйректер болған. 

Әуе командирі Иван Карпович ұшақты кері қайтаруға шешім қабылдаған. Ұшақ штатты режимде әуежайға келіп қонды.

SCAT барлық рейстерді кейінге қалдырған. Жолаушыларға ұшу уақытын өзгертуге көмектескен. Ұшудан бас тартқан жолаушыларға ақшаларын кері қайтарған. Әуекомпания ұшқышты марапатқа ұсынбақшы. 

Кеше кешке сағат 22.05-те ұшып шыққан ұшақ 22.17-де қайта қонған.

Өзгелердің жаңалығы