Атыраудағы сұйытылған мұнай газын сақтау паркіне 1 млрд теңге айыппұл салынды

30 Сәуір 2024, 21:24
423
Бөлісу:
Атыраудағы сұйытылған мұнай газын сақтау паркіне 1 млрд теңге айыппұл салынды
Фото: gov.kz

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС қызметіне тергеу жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нәтижесінде монополиялық жоғары бағаларды белгілеу арқылы сұйытылған мұнай газы нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдаланудан тұратын бәсекелестікті қорғау туралы Заңнаманы бұзу анықталды.

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты 2024 жылғы 5 наурыздағы шешімімен Серіктестікті әкімшілік жауапкершілікке тартты. 955 млн теңгеден астам көлемде монополиялық табыс тәркіленді және 162 млн теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды.

Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының апелляциялық сатысы Серіктестіктің шағымын қабылдамай, бірінші сатыдағы шешімді растады.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Өзгелердің жаңалығы