Атыраудағы қамыс өртінің аумағы 40 гектарға азайды

8 Шілде 2023, 18:47
635
Бөлісу:
Атыраудағы қамыс өртінің аумағы 40 гектарға азайды
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ҚР ТЖМ Атырау облысында қамыстың өртенуіне қатысты қосымша ақпарат таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі уақытта көлемі 60 тоннаға жуық су төгілген екен.

Сағат 18.00-дегі жағдай бойынша аэровизуалды тексеруден кейін қабылданған шаралардың арқасында жану аумағы 40 га төмендегені анықталды. Бұл ретте тұтанудың жалпы алаңын жергілікті атқарушы органдардың құзыретті қызметтері анықтайды. Өрт ошақтарын сөндіру МИ-8 тікұшағымен жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта көлемі 60 тоннаға жуық су төгілді. Батпақты жерлерге жету қиын болғандықтан, өртті сөндіру қиынға соғуда, - делінген ведомство хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы