Атырау облысында вагондар рельстен шығып кеткен вагондар қалпына келтірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
7 желтоқсанда сағат 13:50-де Мақат станциясында 4 вагон жолдан шығып, оның екеуі аударылған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, - делінген компания таратқан хабарламада.
Аталған учаскеде пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілгені айтылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Атырауда вагондар рельстен шығып кетіп, салдарынан жерге күкірт төгілгені туралы жазған болатынбыз.