Атырауда жемқор полицей 18 миллион айыппұл төлейді

2 Қараша 2022, 07:48
2070
Бөлісу:
Атырауда жемқор полицей 18 миллион айыппұл төлейді

Сот пара беруге итермелeуге және алаяқтыққа айыпталған Атырау облыстық полиция департаментінің бұрынғы патрульдік полиция қызметкеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ azh.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкері Өзбекстан азаматынан көші-қон қызметі бөлімінен құжаттарын алып беремін деп 600 мың теңге алған. Ақшаны «бастықтарға» беремін деп, өзінде қалдырған. 

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, жасырын бейнежазбалармен дәлелденеді. 

Прокурор сотталушыны 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы мен қорғаушы тағылған айыппен келіспей, ақтау үкімін шығаруды сұрады. 

Сот полицейді кінәлі деп танып, өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан және «аға лейтенант» шенінен айыра отырып, параның 30 еселенген сомасы – 18 000 000 теңге айыппұл төлеуге үкім шығарды. 

Сот соттылығының болмауын жеңілдететін мән-жай ретінде, қабылданған антты бұзуын жауапкершілікті ауырлататын мән-жай ретінде таныды, - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі. 

Өзгелердің жаңалығы