Атырауда жазасын өтеп шыққандар үшін жұмыс жәрмеңкесі өтті

7 Қаңтар 2020, 07:19
1813
Бөлісу:
Атырауда жазасын өтеп шыққандар үшін жұмыс жәрмеңкесі  өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылы Атырау облысында қылмыстық жазасын өтегендерді   еңбекке тарту мақсатында  10 бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Шара барысында қатысушыларға "Еңбек" бағдарламасының мүмкіндіктері жөнінде кеңінен мәліметтер берілді. Нәтижесінде "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне - 2 адам, қайта даярлау курстарына  -  57 адам жолданылып, 13 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. 
Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан азаматтардың келешекте қылмысқа қайтып оралмауы – қоғам үшін аса маңызды.  Сол себепті, бүгінде сотталғандар арасында қайта қылмыстық құқық бұзушылық санының өсу жағдайын жою мақсатында  2020  жылға арналған  кешенді  іс-шаралар  жоспары жасақталып, бекітілді, - дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолла.

Өзгелердің жаңалығы