Атырауда жасырын казино қызметінің жолы кесілді

5 Қазан 2020, 10:40
1975
Бөлісу:
Атырауда жасырын казино қызметінің жолы кесілді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұйымдастырушылар пандемия кезінде карантин режимін бұзып, казино түрінде заңсыз ойын бизнесін жасырын жүзеге асырған. Бұл туралы ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі хабарлады.

Осы жылдың 26 қыркүйегінде ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша Экономикалық  тергеу  департаменті  «Бүркіт» арнайы мақсаттағы жасағының қатысуымен жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде «Бомонд» кафесінің VIP залында орналасқан жасырын казино қызметінің жолын кесті, - делінген хабарламада.

Ұйымдастырушылар пандемия кезінде карантин режимін бұзып, казино түрінде заңсыз ойын бизнесін жасырын жүзеге асырған.

Оқиға орнын тексеру барысында арнайы кенеп, ойын карталары, «Техас Холдем» покер ойынына арналған чиптер, чиптерге арналған стендтер және басқа да қылмыс құралдары табылып, тәркіленді. Ойын фишкалары жасырын казино ұйымдастырушыларына тиесілі «Kaspi Gold» карточкаларына ақша аудару арқылы сатып алынған, - деді комитет.
Мәліметтерге сәйкес аталған факті бойынша ҚР ҚК 307-бабының 1-бөлімі негізінде сотқа  дейінгі тергеу тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.


Өзгелердің жаңалығы