Атырауда жасөспірім әкесінің көз алдында суға батып кетті

22 Маусым 2022, 06:45
1607
Бөлісу:
Атырауда жасөспірім әкесінің көз алдында суға батып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда әкесінің көз алдында суға батып кеткен 13 жасар баланың денесі табылды, деп хабарлады Atpress.kz.

Бала 19 маусым күні сағат 14.00-де суға шомылуға рұқсат етілмеген жерде батып кетті. Әкелі-балалы бірге суға түсуге келген екен. Олар Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының тұрғындары. Баланың денесін іздеу екі күнге созылды. Индер ауданының 10-ға жуық тұрғыны төрт құтқарушымен бірге іздеуге көмектесті.

Жыл басынан бері өңірде 9 адам суға батып кетті, оның үшеуі – бала.

2021 жылы 21 адам суға кетті, оның ішінде төртеуі – бала. Көбінесе мұндай оқиғалар ата-аналардың абайсыздығынан, рұқсат етілмеген жерде шомылатын жерде болады. Сондай-ақ демалыс кезінде спирттік ішімдіктерді ішпеуіңізді сұраймыз, - деп хабарлады Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы