Атырауда жарты ғасырлық тарихы бар көпір жөнделмек

21 Қаңтар 2021, 06:23
1516
Бөлісу:
Атырауда жарты ғасырлық тарихы бар көпір жөнделмек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау қаласында 1965 жылы салынған орталық көпірдің аралық тіректерін тексеріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Көпір бұдан жиырма жыл бұрын күрделі жөндеуден өткен. Ал 2016 жылы оның техникалық жағдайын тексерген кезде тіректері ескіріп, тағы да күрделі жөндеу жүргізуді қажет етіп тұрғаны белгілі болған. Белгілі болғандай, бұл жолғы тексеру нысанды жөндеу жұмысының жобалық-сметалық құжаттарын жасақтау үшін қажет болыпты.

Қазіргі күні зерттелетін учаскенің геологиясын, яғни топырақ ерекшелігін бағалау және нақты жағдайларға жауап беретін жобаны әзірлеу үшін қажетті деректерді алу мақсатында инженерлік-геологиялық іздестірулер жүргізілуде, - деп түсіндірді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.


Өзгелердің жаңалығы