Атырауда Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайы күрделі жөндеуге жабылады

5 Наурыз 2023, 03:21
1212
Бөлісу:
Атырауда Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайы күрделі жөндеуге жабылады
Фото: azh.kz

Атыраудағы ең көрікті ғимараттардың бірі соңғы жиырма жылда алғаш рет күрделі жөндеуден өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ azh.kz-ке сілтеме жасап.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, Мәдениет сарайына жалпы құрылыс жұмыстары жүргізілмек, атап айтқанда, жылу, желдету, су, кәріз жүйелері, сондай-ақ технологиялық жабдықтар жөнделеді. 449,7 млн теңгеге тендер жеңімпазы болып «Азамат Құрылыс» ЖШС танылды.

Айта кету керек, МС ғимараты (1945-1948 жылдар аралығында салынған) 1982 жылдан бастап ресми түрде сәулет және қала құрылысы ескерткіші болып саналады, бірақ мердігер компанияның мұндай мәртебедегі нысанда жұмыс істеуге арнайы лицензиясы жоқ.

Жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасында ескерткішке ғылыми-реставрациялық жұмыстар жоқ, мұны мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы растайды. Осылайша, рұқсат құжаттарының қажеті жоқ, - деп мәлім етті әкімдіктегілер.

Мәдениет сарайының қызметкерлері жөндеу жұмыстары әлі басталмағанымен, мүліктерін жинап жатыр, ол сегіз айға созылады. Жөндеу кезінде ғимарат толығымен жабылады. Соңғы рет Мәдениет сарайында күрделі жөндеу 2001-2002 жылдары жүргізілген.

Өзгелердің жаңалығы