Атырауда ҚТЖ филиалының директоры қамауға алынды

20 Қазан 2022, 03:20
1100
Бөлісу:
Атырауда ҚТЖ филиалының директоры қамауға алынды

Ол алаяқтық және сыбайлас жемқорлық бойынша күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ azh.kz.-ке сілтеме жасап.

"Қазақстан Теміржолы" Ұлттық компаниясы" АҚ филиалының директоры Елеубай Сапаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Ол өзінің қызметтік бабын пайдаланып, алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы кәсіпкердің 1 500 000 теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденді деген күдікке ілінді, - Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин.

 

Өзгелердің жаңалығы