Атырауда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін оңалту орталығы салынады

26 Сәуір 2023, 00:15
749
Бөлісу:
Атырауда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін оңалту орталығы салынады
Фото: azh.kz

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов Атырауға барған іс-сапарында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елімізде мүгедектігі бар азаматтарға арналған оңалту орталықтарын салу қолға алынды. 150 орындық соның бірі Атырау облысында бой көтермек. Бұдан бөлек, биылдан бастап инватакси қызметі «Яндекс Go» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін техникалық оңалту құралдарының паркі ашылады. Бұл оңалту құралдарының заманауи, қымбат түрлеріне қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді, - деді Е.Оспанов.

Қазір Атырау облысында 55 орындық оңалту орталығы жұмыс істейді. Мұнда бір жылда 100-ден аса науқас қызмет алады. Бұл ретте орталық басшысы жұмыс барысында қажетті құралдардың жетіспеушілігі мен орын тапшылығы сезілетінін айтты.

Өзгелердің жаңалығы