Атырауда медбикені балағаттаған ер адам қамауға алынды

21 Мамыр 2023, 18:32
736
Бөлісу:
Атырауда медбикені балағаттаған ер адам қамауға алынды
Фото: polisia.kz

 Атырауда медбикені балағаттаған ер адам 5 тәулікке қамалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау қалалық полиция басқармасының мәліметіне сәйкес, 42 жастағы ер адам облыстық ауруханаға ем алуға барған.

Атырау қаласында тұратын ер адам ауруханадағы медбикеге дөрекілік танытып, былапыт сөйлеген. Сөйтіп, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын әрекеттерге барған. Аталған дерек бойынша 42 жастағы азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған іс құжаттары Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді, -делінген қалалық полиция басқармасының хабарламасында.

Сот қаулысымен 1981 жылғы азамат ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 5 тәулікке қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Өзгелердің жаңалығы