Атырауда фаст-фудтан 14 адам уланған

25 Сәуір 2025, 18:00
869
Бөлісу:
Атырауда фаст-фудтан 14 адам уланған
Фото: автордан

Атырау қаласындағы тез тамақтану орындарынан былтыр 14 адам уланған. Сол үшін екі кәсіпкерлік нысанға жауаптылардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу әлі жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жаппай улану дерегі шаhардағы тез тамақ ұсынатын фаст-фуд дүңгіршектерінде тіркелген. Астан ұшынған 14 адам суши мен пицца және дөнер жеген екен. Атырау қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеріс ашып, тағамдардың бәрінен сынама алған. Ал полиция департаменті қылмыстық іс көтеріпті. 

Тексеріс барысында екі кәсіпкердің де арнайы рұқсатсыз жұмысын бастағаны белгілі болыпты. Одан бөлек шикізатты тиісті құжатсыз, сертификатсыз сатып алуға да қысылмапты. Дүңгіршектегі қызметкерлердің медициналық кітапшасы да жоқ болып шықты. 

Эпидемиялық мәні болмашы объект ретінде басталғаны туралы рұқсат алу керек. Сол рұқсатсыз өзінің жұмыстарын заңсыз бастап кеткен. Бір жағдай былтыр тамыз айында болды. Екіншісі желтоқсанда тіркелген. Жаппай уланған кезде міндетті түрде полиция басқармасымен қылмыстық іс қозғалады полиция басқармасымен. Қазіргі таңда екі факті бойынша тергеу жүріп жатыр әлі. Ол аяқталған уақытта біздің басқарма тарапынан да әкімшілік шаралар қабылданатын болады, - дейді Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Бақытбек Хамза.

Екі бизнес иесін жауапқа тарту мақсатында тиісті жұмыс жүріп жатса да, кәсіпкерлік кодекске сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары қаладағы нысандардың бәрін тексеріп, мониторинг жүргізе алмайды. Сол себепті қазір кәсіпкерлерді жинап, арнайы семинар өткізіп, түсінік жұмыстарын жүргізуде. Соңғы жиынға 100-ге тарта бизнес иесі келді. 

Өзгелердің жаңалығы