Атырауда ауруханалар жоспарлы емдеуді бастайды

28 Шілде 2020, 01:27
1098
Бөлісу:
Атырауда ауруханалар жоспарлы емдеуді бастайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тамыз айының басында Атырау ауруханалары жоспарлы емдеу кезегімен науқастарды қабылдай бастайды.

Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасымен өңірдегі қатерлі ісік, қант диабеті, қан қысымы, жүрек аурулары сынды жоспарлы ем қабылдауы тиіс науқастар ауруханаларда жатып ем алатын болады. Бұған дейін олар емханаларға онлайн түрде жазылып, дәрігер бақылауында тұрған еді, – деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Өзгелердің жаңалығы