Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау қаласындағы екі қабатты қараусыз тұрған ғимараты өртке оранды.
Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 маусым күні сағат 23:03-те Мұнайшы шағын ауданы, 7 көшесінде орналасқан ғимараттан өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
Төтенше жағдай кезінде ешкім зардап шекпеген.
Қызыл жалынды ауыздықтауға Атырау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 23 қызметкері мен 5 бірлік техника, Атырау мұнай өңдеу зауытынің 4 қызметкер және 1 бірлік техника, Ақберен 2 қызметкері мен 1 бірлік техника жұмылдырылды", — делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: