Атырауда 200 орындық модульдік инфекциялық аурухана ашылды

11 Қараша 2020, 17:43
1668
Бөлісу:
Атырауда 200 орындық модульдік инфекциялық аурухана ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы болжанып отырған пандемияның екінші толқынына дайындық шеңберінде бірқатар медициналық нысандарды ел игілігіне берді. Соның бірі Атырауда екі ай ішінде салынған  200 орындық модульдік госпиталь. Аурухана инфекциялық бақылаудың барлық стандарттарына сәйкес келеді. 

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов жаңадан пайдалануға берілген емдеу мекемесіне  барып, жасалынып жатқан жұмыстарымен танысып шықты, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Мекеме диагностика және емдеу үшін заманауи медициналық жабдықтармен: компьютерлік томографпен, сандық рентген аппаратымен, медициналық газдар жүйесімен, УДЗ, ЭКГ, өкпені жасанды желдету аппараттары және басқалармен қамтылған. Медициналық мекемеде қауіпсіздік деңгейі жоғары ақылды желдету жүйесі орнатылған. 

Атырауда 200 орындық модульдік инфекциялық аурухана ашылды

Палаталарда әр төсекте медбикені шақыру түймесі бар. Оқшауланған бокстарға арнайы чиптер арқылы ғана кіруге болады. Сондай-ақ, 20 реанимациялық төсек қарастырылған. Госпитальда жергілікті медицина қызметкерлерімен қатар Грузия республикасынан келген дәрігерлер алты ай бойына  жұмыс жасайтын болады.

Атырауда 200 орындық модульдік инфекциялық аурухана ашылды
Ең бастысы, жаңа медициналық мекеме өңірдегі медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді, - деді өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов. 

Айта кетейік, медициналық мекеменің жалпы аумағы 8924 мың шаршы метрді құрайды. 

Медициналық нысанда 56 екі орындық, 16 үш орындық,  6 бір орындық палаталар және жеті екі орынды бокстар аулаға шығатын арнайы есіктерімен жасалған.
Өзгелердің жаңалығы