Атырауда 100 жас отбасы баспанамен қамтылады

6 Тамыз 2023, 08:50
606
Бөлісу:
Атырауда 100 жас отбасы баспанамен қамтылады
Фото: архив

Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Айгерім Досқалиева Атырауда 100 жас отбасыға баспана беру жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Аtpress.kz-ке сілтеме жасап.

Спикер А.Жәрдемқызының айтуынша, жастарды үймен қамту - өте өзекті мәселелердің бірі, осы орайда, «Атырау жастары» тұрғын үй бағдарламасы аясында 20 ақпаннан бастап қабылдана бастаған құжаттар іріктеліп, ретке келтірілуде. Нәтижесі қосымша хабарланбақ.

Көп кешікпей жақсы жаңалықтар болады деп үміттенеміз. Жалпы, басты мақсат – атыраулық 100 отбасыны баспанамен қамту. Бұл бағытта осы жылдың соңына дейін тиісті жұмыстар жоспарланған, деді Айгерім Досқалиева.

Өзгелердің жаңалығы