«Атырау жастары»: Биыл 100 жас баспаналы болады

29 Наурыз 2023, 21:19
739
Бөлісу:
«Атырау жастары»: Биыл 100 жас баспаналы болады
Фото: info.homsters.kz

Өңірде алғаш рет өткен «Атырау жастары» тұрғын үй бағдарламасы аясында 860 жастан өтініш келіп түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Алайда олардың 100-і ғана баспаналы болады. Бұл туралы баспасөз брифингінде Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және автокөлік жолдары бөлімі тұрғын үй секторының меңгерушісі Рафхат Жолдиев мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.  

«Атырау жастары»: Биыл 100 жас баспаналы болады

Атырау облысы бойынша алғаш рет 1-20 ақпан аралығында «Атырау жастары» тұрғын үй бағдарламасына құжат қабылдау жүргізілді. Бағдарлама аясында 860-тан астам атыраулық өтініш білдіріп, олардың 830-ның құжаты  мақұлданған. Ендігі кезекте тізім «Отбасы банк» АҚ-на жолданып, несие рәсімдеу жұмыстары жүргізіледі.  

Аталған бағдарламаға өтініш беріп, құжат тапсырғандардың арасынан Атырау қаласы бойынша 55 жас, аудандар бойынша 45 жас баспанаға ие болады. Бүгінде  қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және автокөлік жолдары бөлімінде тізім жасақталып жатыр. Тізім сәуір айының басында банкке жолданып, әрі қарай несиені рәсімдеу, тұрғын табу сынды жұмыстар жүреді. Бағдарлама толықтай екі-үш айдың ішінде аяқталады,- деді Жолдиев. 

Сондай-ақ ол, бағдарламаға қатысуға өтініш білдірген атыраулықтардың көп болуына байланысты осы жылдың екінші жартысында әкімдіктен қаражат сұрап, екінші мәрте тұрғын үй бағдарламасына құжат қабылдауды жүргізетінін жеткізді. 

Еске сала кетейік, «Атырау жастары» бағдарламасына өңірдегі 18-35 жас аралығындағы мамандар қатысқан болатын. Жастарға тұрғын үйді 5% несие арқылы 19 жылға береді. Ал бастапқы жарна 10%. Атырау қаласы бойынша максималды сумма 18 млн теңге болса, аудан бойынша 13 млн теңге. Сондай-ақ бағдарламаға қатысуға өтініш білдірген тұлғаның атында жылжымайтын мүлік болмау керек.

Өзгелердің жаңалығы