Атырау түрмелерінде ұзақ мерзімді кездесулерге рұқсат берілді

6 Наурыз 2021, 01:17
2205
Бөлісу:
Атырау түрмелерінде ұзақ мерзімді кездесулерге рұқсат берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты түзеу мекемелерінде ұзақ мерзімді кездесулерге рұқсат берілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес ұзақ мерзімді кездесулер екі тәуліктен аспайды. Ұзақ мерзімді кездесу белгіленген тәртіп бойынша беріліп, кездесуден кейін түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар 14 күнге карантинге орналастырылады. Ал сотталған азаматтың кездесуге келген туысының ПТР-тестінің қорытындысы теріс нәтижелі болып, оның жарамдылық мерзімі бес күннен аспауы тиіс. Бұл өзге сотталғандардың денсаулығын сақтау үшін қабылданып отырған шара, – деді Атырау облысы бойынша ҚАЖД бастығы Манарбек Габдуллин.

Карантин кезінде сотталған азаматтар туыстарымен таксафон және бейнебайланыс арқылы хабарласып отырған. Сондай-ақ карантин кезінде тергеуде отырғандарға олардың қорғаушылары емін-еркін кіріп шығуы үшін барлық жағдайлар жасалып, білім алатын сотталғандар үшін дәрістер онлайн форматта жүргізілді.

Сонымен қатар, Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі департаментке қарасты барлық мекемеде санитарлық талаптардың қатаң сақталып отырғандығы туралы атап өтті.


Өзгелердің жаңалығы