Атырау қаласының әкімі қызметінен кетті

16 Қаңтар 2022, 14:25
1447
Бөлісу:
Атырау қаласының әкімі қызметінен кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл деректі облыс әкімінің баспасөз қызметі растады.

Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев емделу үшін 30 желтоқсанда еңбек демалысын алған болатын. Қала әкімі 10 қаңтарда жұмысқа кері шақыртылып алынды. Алайда, ол келесі күні денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыздық парақшасын аштырды. Облыс әкімінің өкімімен Қайрат Оразбаев 14 қаңтар күні өзінің өтініші негізінде Атырау қаласы әкімі қызметінен босатылды. Қазір Атырау қаласы әкімінің міндетін атқару қала әкімінің орынбасары Жұмабек Қаражановқа жүктелді, -деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Еске сала кетелік, Қайрат Оразбаев Атырау қаласы әкімінің қызметіне 2020 жылғы қаңтарда тағайындалған болатын.

1987 ж. -  Қазан қаласының химия-технология институтын «мұнай өңдеудің химиялық технологиясы»  мамандығы бойынша бітірді 2010 ж. – Мұнай-газ бизнесі институтын «мұнай-газ бизнесі менеджері» мамандығы бойынша тәмамдаған. 

Еңбек жолы: 

1979-1987 жж. – «Маңғышлақ- мұнайбарлау» кешенді экспедициясында оператор болып бастады. Кейіннен Мұнай өндіру басқармасында слесарь, В.И.Ленин атындағы Гурьев МӨЗ-інің № 3 цехында оператор. 

1987-1996 жж. – № 1 цехтың алкилация қондырғысының бастығы, № 4 цехтың бастығы, эстакада бастығы, № 4 цех бастығының орынбасары, цех бастығы. 

1996 ж. – «Лукойл АМӨЗ» АОЗТ Бас директоры. 

1996-1997 жж.– Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігі аппаратының Өндірісті дамыту бас басқармасы бастығының орынбасары. 

1997-2001 жж. – «ҚазақОйл» ҰК-да Техникалық саясат департаментінің жетекші маманы. 

2001-2007 гг. – «АМӨЗ» ААҚ салынып жатқан кәсіпорнының директоры - Дамыту жөніндегі Вице-президенті. «АМӨЗ» ЖШС күрделі құрылыс және дамыту жөніндегі директоры 

2007-2012 жж. – өндірістік-техникалық және құрылыс қызметтерін басқарып – Бас директордың бірінші орынбасары – бас инженер, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да Маркетингтік анализдеу департаментінің директоры, мұнай өңдеу және мұнай-химия дамыту жөніндегі директордың орынбасары. 

2012-2013 жж. –  «АМӨЗ» ЖШС-нің Дамыту жөніндегі Бас директордың орынбасары, Бас директордың дамыту және модернизация жөніндегі бірінші орынбасары.   

2013-2016 жж. – «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің бас директоры.   

2018-2020 жж. - «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС басқарма төрағасының бірінші орынбасары. 

2020 жылдың 17 қаңтарынан – Атырау қаласының әкімі 

Мемлекеттің наградалары: «Құрмет» ордені.

Өзгелердің жаңалығы