Атырау облысының 35 тұрғынына соттан тыс банкроттық мақұлданды

6 Сәуір 2023, 06:35
687
Бөлісу:
Атырау облысының 35 тұрғынына соттан тыс банкроттық мақұлданды
Фото: azh.kz

Соттан тыс банкроттыққа өтініш беру үшін бір жыл ішінде банктер, МҚҰ және коллекторлық агенттіктер алдында 1600 АЕК (5,52 млн теңге) аспайтын төленбеген борышы не бес жылдан асқан берешегі болуы керек, деп хабарлайды BAQ.KZ azh.kz-ке сілтеме жасап.

Сондай-ақ азаматтың мүлкі, оның ішінде ортақ меншігі болмауы керек,

Атырау облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлағандай, 5 сәуірдегі жағдай бойынша Атырау облысы бойынша барлығы 1199 банкроттыққа өтініш беріліп, 376-дан бас тартылған, 35-і мақұлданған, қалған 788-і қаралуда.

Деректерді алдын ала тексеру жекелеген азаматтардың келесі себептерге байланысты банкроттыққа бара алмайтындығын көрсетті: 12 ай ішінде қарызды ішінара өтесе; борышкердің немесе оның жұбайының мүлкі болса; банкпен немесе МҚҰ-мен борышты реттеу туралы құжаты болмаса; Жеке кәсіпкерлік тіркелсе; 6 айдан аз кезеңде АӘК алған болса.

Мұндай азаматтарға 1414 сервисі арқылы соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудан бас тарту туралы хабарлама жіберілетін болады. Осындай хабарламаны алған жағдайда соттан тыс банкроттық критерийлеріне сәйкес өтінішті 3 айдан кейін қайта беруге болады.

Өтінішті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, ХҚКО, скринингтік тексеру жүргізу үшін E-Salyg Azamat қосымшасы арқылы беруге болады. Кейін 1414 арқылы өтінімді қабылдау туралы хабарлама жіберіледі, содан кейін өтініш беруші банкрот ретінде қаралады. Өтініш берілгеннен кейін 14 күн ішінде қаралады, - делінген азаматтарға арналған хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы