Атырауда құқық қорғаушылар жедел-іздестіру іс-шаралары барысында зират басынан қару-жарақ жасырылған орынды тапты.
Атырау облысының ҚАЖД баспасөз қызметі мәлім еткендей, азаматтың берген жауаптары зиратты тексеруге негіз болған.
Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті өкілдері қала аумағындағы зираттардың бірінен заңсыз сақталған аңшылық қаруы мен 12 калибрлі 5 дана оқ-дәріні анықтап, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тәркілеген.
Аталған бағыттағы жұмыстар қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, заңсыз қару айналымының алдын алуға және құқық бұзушылықтарға жол бермеуге бағытталған. Бірлескен іс-қимыл нәтижесінде құқық қорғау органдарының өзара үйлесімді жұмысы мен кәсіби деңгейінің жоғары екені байқалады.Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тиісті тексеру амалдары жүргізілуде. Заңсыз қару сақтау және оны айналымға енгізу фактілерінің алдын алу мақсатында профилактикалық шаралар тұрақты түрде жалғасады, – деп нақтылады департамент өкілдері.