ChatGPT дауы күшейді: Флорида OpenAI-ды сотқа берді

Флорида ChatGPT-ге байланысты OpenAI-ды сотқа берген алғашқы штат болып отыр.

 depositphotos.com Бүгiн 2026, 08:52
Бүгiн 2026, 08:52
183
Фото: depositphotos.com

АҚШ-тың Флорида штаты OpenAI компаниясы мен оның бас директоры Сэм Альтманға қарсы сотқа шағым түсірді. Онда ChatGPT-дің, әсіресе кәмелетке толмағандар үшін қауіпті екені айтылған.

Флорида ChatGPT-ге байланысты OpenAI-ды сотқа берген алғашқы штат болып отыр.

Сэм Альтман мен ChatGPT жасанды интеллект үшін жарыста балаларымыздың қауіпсіздігінен бас тартты. Олар қоғамдық қауіпсіздіктен гөрі пайданы таңдады, мұны біз Флоридада қабылдамаймыз, – деді штаттың бас прокуроры Джеймс Утмайер.

Сот құжаттарында OpenAI компаниясы тұтынушыларды алдау және әділетсіз сауда тәжірибесі, салғырттық, сондай-ақ өнім сапасына қатысты заңдарды бұзу бойынша айыпталады. Сонымен қатар компания ChatGPT-ді пайдалану кезінде туындайтын бірқатар қауіптерді жасырды деген уәж келтірілген. Олардың қатарында жаппай кісі өлтіруді жоспарлау, суицидке итермелеу, кәмелетке толмағандардың ата-анасыз қолдануы және пайдаланушылардың сыни ойлау қабілетінің төмендеуі сияқты тәуекелдер бар екені айтылған.

Сот талаптарының бірі – Сэм Альтманды Флорида тұрғындарына келтірілген зиян үшін жеке жауапкершілікке тарту.

Айта кетейік, бұл азаматтық талап OpenAI-ға қатысты алғашқы қылмыстық тергеу негізінде берілген. Тергеу 2025 жылы Флорида университетінде болған жаппай атыс оқиғасына байланысты басталған. Ол кезде шериф орынбасарының ұлы екі адамды өлтіріп, тағы төртеуін жаралаған. Сол уақытта OpenAI өкілі бұл қайғылы оқиға екенін, бірақ ChatGPT оның себебі емес екенін мәлімдеген.

Наверх