Атырау облысында шектеу шаралары күшейтіледі

16 Сәуір 2021, 04:29
1776
Бөлісу:
Атырау облысында шектеу шаралары күшейтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 сәуірден бастап студенттер мен 1-5 сынып оқушылары қайтадан онлайн оқиды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал мектеп бітіретін оқушыларға пәндердің 70 пайызы штаттық режимде, қалғаны қашықтан оқытылады.

Шаштараздар, сұлулық салондары жұмыс күндері және сенбіде таңғы 9-дан кешкі 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Азық-түлік дүкендерінің қызметі таңғы 7-ден кешкі 23.00-ге дейін қысқартылды. Жексенбіде қоғамдық көліктер қозғалысына тыйым салынады.

Сәуір айында аурушаңдық, эпидемиологиялық жағдай көп болып отыр. Аптамен салыстырсақ, 613 жағдай тіркелсе, бүгінгі күннің өзінде 953 жағдай, яғни 1,3 есеге өсіп отыр. Күнде бізде аурушаңдық 110-113 жағдай аралығында тіркеліп отыр. Кешегі күннің өзінде 113 жағдай тіркеліп отыр. Соның ішінде шағыммен келушілердің саны артты. Яғни симптомды түрі. Бұл эпидемиологиялық жағдайдың қолайсыз болып отырғанын көрсетеді, – деп мәлімдеді облыстық бас санитарлық дәрігердің орынбасары Гүлназ Ербатырова.
Өзгелердің жаңалығы