Атырауда такси жүргізушілерін қорқытып, ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды – ҰҚК

13 Шілде 2021, 20:13
2480
Бөлісу:
Атырауда такси жүргізушілерін қорқытып, ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды – ҰҚК

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 5 шілдеде ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті прокуратурамен және облыстық полиция департаментімен бірлесіп, спорттық орта өкілдері мен деструктивті діни ағымдарды ұстанушылардан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың заңға қайшы әрекетінің жолын кесті.

Топ мүшелері ұзақ уақыт бойы бағдарлық такси жүргізушілерін («Атырау-Орал-Атырау») қорқытып, ақша бопсалаған.
ҰҚТ-ның 4 белсенді қатысушысы ұсталды. Фигуранттардың және олардың таныстарының тұрғылықты жерлерінен 3 бірлік әртүрлі қару мен оқ-дәрілер, сондай-ақ олардың қылмыстық әрекеттерін растайтын құжаттық материалдар (чектер, журналдар, банк карточкалары) табылып, алынды, - делінген хабарламада. 

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, осы факт бойынша ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігі (бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Топ жетекшісі тергеу изоляторына қамалды, қалғандары ешқайда кетпеу туралы міндеттеме алды.

Тергеу-жедел іс-шаралары жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы