Атырау облысында балық шабақтарын құтқару жұмыстары жалғасып жатыр

28 Шілде 2024, 14:15
370
Бөлісу:
Атырау облысында балық шабақтарын құтқару жұмыстары жалғасып жатыр
Фото: gov.kz

Атырау облысындағы Бейбарыс ауылында орналасқан Сарыөзек каналынан 520 мыңнан астам балық шабағы құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ балық шаруашылығы комитетіне сілтеме жасап.

Биыл көктемгі су тасқыны кезінде Жайық өзені арнасынан тасып, мыңдаған балық өзен суы төгілген жерлер арқылы Сарыөзек арнасына түскен болатын. Жазда Жайықтың суы өз деңгейіне келді, ал арнада қалған балық шабақтары жиналып қалған.

Қазіргі уақытта арнада жиналған балық шабақтарын сақтап қалу үшін су беру насосы арқылы су жіберілуде және балық шабақтарын құтқару жұмыстары жалғасуда. Құтқарылған балық шабақтарының түрлері: сазан, табан, көксерке, жайын, мөңке, орташа салмағы – 12-14 грамм, - дейді комитет мамандары.

Жалпы маусым айынан бері Атырау облысының су айдындарында 49 млн 920 мыңнан астам балық шабақтары, соның ішінде Құрманғазы ауданының аумағында – 39 млн 900 мың дана, Индер ауданының аумағында – 8 млн 500 мың дана, Махамбет ауданында – 1 млн 520 мың дана, Атырау қаласының облыс орталығында - 35,5 мың дана балық шабақтары құтқарылды. Барлығы Жайық өзеніне жіберіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы