Атырау облысында «Алтын белгі» иегерлерін құттықтады

22 Маусым 2023, 20:45
1088
Бөлісу:
Атырау облысында «Алтын белгі» иегерлерін құттықтады
Фото: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкенов «Алтын белгі» иегерлерін қабылдап, оларды марапаттарымен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Қазіргі түлектеріміз - ертеңгі тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы. Мен жастарға сенемін,  біріңіз атақты ғалым, біріңіз мемлекетімізге абыройлы қызмет ететін қоғам қайраткері болуыңызға тілекшімін. Еліміздің көк байрағын көкте желбірете беріңіздер! Бала жанының бағбаны болған ұстаздардың еңбегі өлшеусіз. Ел намысын қорғар шәкірттеріңіз көп болсын!, -деді С.Шәпкенов.

Атырау облысында «Алтын белгі» иегерлерін құттықтады

Жиында Серік Шәпкенов 159 түлекке «Алтын белгі» төсбелгісін тағып, облыс әкімінің Алғыс хатын табыс етті.
Айтып кету керек, облыс әкімінің дәстүрлі «Алтын белгі» иелерін қабылдау дәстүрі пандемиядан кейін алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

2022-2023 оқу жылында облыстың 211 білім беру мекемесінде 11 сыныпты 6 081 оқушы аяқтады.

Өзгелердің жаңалығы