Атырау облысында 60 гидрогеологиялық ұңғыма жойылады

2 Маусым 2022, 08:50
1428
Бөлісу:
Атырау облысында 60 гидрогеологиялық ұңғыма жойылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жылыой ауданындағы ұңғымаларды қайтадан жабуға республикалық бюджеттен 465 млн теңге бөлініпті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникциялар қызметі.

Бұл ұңғымалар өткен ғасырдың 70-80 жылдары қазылып, кейін су қоры анықталғасын, жабылған болатын. Алайда кейбірінің құбырлары шіріп, қысыммен су жоғары шығып кеткен. Әсіресе «Бәли», «Жаңасу» кен алаңдарының орнындағы тесілген құбырдан аққан су 30 жылдан бері текке далаға кетіп жатыр. Толассыз ағып жатқан су жер асты су қорын азайтқаны өз алдына, қоршаған ортаға орны толмас зиян келтіреді. 

Сондай-ақ жер асты және жер үсті суларын фенолдармен, радиоактивті және улы элементтермен ластайды дейді мамандар.  Бүгінде Атырау облысында осындай 180  гидрогеологиялық ұңғыма болса, оның 123-іне қатысты жедел шара алуды қажет. 

Қазіргі уақытта экология геология және табиғи ресурстар министрілігімен оны жоюды, тығындауды қажет ететін жобалық сметалық құжаттарды жасақтау үшін қаржы бөлінді. Бұл жұмыстарды бастау үшін қазіргі уақытта конкурс өтеді ғой, енді мемлекеттік сатып алу бойынша. Конкурстық процедуралар жүріп жатыр, – деді облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Қалиева.

Өзгелердің жаңалығы