Атырау облысына алтыншы рет санитар дәрігер тағайындалды

27 Тамыз 2020, 00:24
1363
Бөлісу:
 Атырау облысына алтыншы рет санитар дәрігер тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл қызметке 37 жастағы Маңғыстау облысының тумасы Асылбек Шаров тағайындалды, деп azh.kz сайты.

Өңірдің бас санитар дәрігерін Атырау облысы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ұжымына облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Таубаев таныстырды.

Асылбек Шаров Ақтөбенің М. Оспанов атындағы медицина академиясын аяқтаған. Еңбек жолын Жаңаөзен қаласы бойынша МСЭҚ басқармасының бас маманы болып бастаған. 2006-2011 жылдары – Маңғыстау облысы бойынша МСЭҚ департаментінің радиациялық қауіпсіздікті қадағалау бөлімінің бас маманы. 2011-2012 жылдары – Қарақия ауданы бойынша МСЭҚ басқармасының бастығы. 2012-2014 жылдары СЭС басқармасына басшылық етті, сонымен қатар Жаңаөзен қаласы бойынша тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының бастығы болды. 2020 жылдың басында Маңғыстау облысының Шетпе ауылының әкімі болып тағайындалды. 8 маусымнан бастап Маңғыстау облысының ТКҚСҚБ департаментінің инфекциялық емес ауруларды бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы болып қызмет атқарған.

Бұл коронавирус эпидемиясы басталғаннан бері облыста тағайындалған алтыншы бас санитар дәрігер. Бір кездері бұл қызметті Мейіржан Есімбаев, Темірбек Мұсағалиев, Амантай Жұмағалиев, Сәдуақас Байғабылов және Қанат Ғайнеденов атқарған. 

 

Өзгелердің жаңалығы