Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасарына қатысты іс сотқа жолданды

4 Желтоқсан 2020, 13:52
1314
Бөлісу:
Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасарына қатысты іс сотқа жолданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары мен облыстық Құрылыс басқармасы басшысының ісі сотқа жіберілді, деп хабарлады ANTIKOR-дың баспасөз қызметі. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары мен Құрылыс басқармасының басшысына қатысты қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Олар Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласындағы 200 орындық жаңа аурухана кешенін пайдалануға қабылдау актісіне қол қоюға жәрдемдескені және жалпы қамқорлығы үшін алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адаммен 185 млн теңге сомасында аса ірі көлемде пара алуда күдікті болды. Осы жылдың 3 желтоқсанында қылмыстық іс Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды. Күдіктілер кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады, - делінген ақпаратта.


Өзгелердің жаңалығы