Әлеуметтік желідегі видеодан кейін Атырау МӨЗ-де тексеру басталды

Төгілген мұнайды топырақпен жаппақ болған.

Бүгiн 2026, 16:22
АВТОР
 Видеодан кадр Бүгiн 2026, 16:22
Бүгiн 2026, 16:22
171
Фото: Видеодан кадр

Атыраудағы Атырау мұнай өндеу зауытында мұнай төгілген деген ақпарат тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ

Жергілікті блогер Рүстем Баязиев жариялаған видеоның сипаттамасында жағдай былтыр қараша айында болғаны айтылады. Блогердің сөзінше, видеода төгілген мұнайды топырақпен жауып жатқаны көрсетіледі. 

Атыраудағы Атырау мұнай өндеу зауытында мұнай төгілген деген ақпарат келді. Видеосы тек шығып жатыр. Қараша айында болған жағдай деген ақпарат бар, - дейді блогер. 

Видео кадры. Фото: instagram.com/rustembayaziev

Экология және табиғи ресурстар министрлігі әлеуметтік желіде тараған Атырау мұнай өңдеу зауыты аумағында мұнай төгілгені туралы видеоға қатысты түсініктеме берді.

Министрліктің мәліметінше, видеода көрсетілген нысан – зауыттың механикалық тазарту құрылыстары (МТҚ) аумағында орналасқан авариялық тоған. Бұл нысан өндірістік алаңнан келетін өндірістік және нөсерлі ағын суларды қабылдауға арналған болған.

Ведомствоның хабарлауынша, 2023 жылдың желтоқсан айында жаңа механикалық тазарту құрылысы пайдалануға берілгеннен кейін авариялық тоған өндірістік кәріз жүйесінен ажыратылып, технологиялық схемадан шығарылған.

Видео кадры. Фото: instagram.com/rustembayaziev

Сондай-ақ 2025 жыл бойы «Атырау мұнай өңдеу зауытында ағын суларды жинауға арналған буферлік сыйымдылық салу» жобасы аясында дайындық жұмыстары жүргізіліпті.

Министрлік авариялық тоғанның қабырғалары мен түбі герметикалық құрастырмалы темірбетон конструкцияларынан жасалғанын атап өтті.

Сонымен қатар 2027 жылы апаттық жағдайдағы тоғанды толықтай демонтаждау жоспарланып отыр. Бұл жұмыстарды орындауға қажетті қаржы «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бюджетінде қарастырылған.

Қолданыстағы нысандарды бұзу жұмыстары «Атырау мұнай өңдеу зауытында ағын суларды жинауға арналған буферлік сыйымдылық салу» жобасының жобалық шешімдерінде көзделген және буферлік сыйымдылықтарды салу жобасын іске асыру аясында орындалады, - делінген ведомство жауабында.

Аталған жоба мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтіп, 2025 жылғы 11 наурызда оң қорытындысын алыпты.

Қазіргі уақытта видеода көрсетілген деректерге байланысты Атырау облысы бойынша экология департаменті «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-не қатысты бақылау шараларын тағайындау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Наверх