Аттестаттар мен дипломдар QR-кодпен цифрлық форматта беріледі

1 Қараша 2022, 11:14
1170
Бөлісу:
Аттестаттар мен дипломдар QR-кодпен цифрлық форматта беріледі

Оқу -ағату министрі мектептердегі оқулықтарды таңдау мен мониторингтеу цифрлы форматқа көшірілетінін айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Аттестаттар мен дипломдар QR-кодпен цифрлық форматта беріледі, әр оқушының да цифрлық профилі енгізіледі, онда оқушының балабақшадан бастап мектеп әлде колледж бітіргенге дейінгі академиялық, әлеуметтік жетістіктері, бағалары, құзыреттер картасы, бір сөзбен айтқанда цифлық ізі қалыптастырылады.Ең қажетті қызметтер толығымен егов пен ірі банктардың  мобильді қосымшаларында қолжетімді болады, - деді ол Үкімет отырысында.

Сонымен қатар министр балабақшаларға кезек цифрлы форматқа көшірілгенін атап өтті.

Десек те әлі де үлкен мәселе бар, кезекке қою бойынша облыстарда 44 ақпараттық жүйе пайдаланылады, бірізділік жоқ, тәуекелдер бар. Осы мәселені шешу мақсатында орталықтандырылған балабақшаларға бірыңғай кезек енгізіледі. Бұл балабақшалардағы кезекке тұруды, берілген жолдамаларды бақылауға, орындарды бөлу кезінде тәуекелдерді болдырмауға мүмкіндік береді, - деді министр. 

Өзгелердің жаңалығы