Атбасарда өңірлік жарыс кезінде астаналық футболшы қайтыс болды

58 жастағы астаналық футболшы жүрек ауруынан кенеттен қайтыс болды

 3 Қыркүйек 2026, 10:35
3 Қыркүйек 2026, 10:35
185

Атбасар қаласында өткен өңірлік турнир кезінде астаналық 58 жастағы футболшы кенеттен көз жұмды. Бұл ақпаратты BAQ.KZ тілшісінің сауалына жауап берген Ақмола облыстық Полиция департаменті растады.

Полиция өкілдерінің хабарлауынша, ер адамның өліміне жүрек аурулары себеп болған.

Аталған оқиға бойынша қазір тиісті тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

1968 жылы туған ер адамның өлімі фактісі Атбасар аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Алдын ала анықталғандай, оның өліміне жүрек аурулары себеп болған. Қазіргі уақытта тексеру амалдары жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады, – деп хабарлады Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Наверх