Атаулы әлеуметтік көмекпен ауқымды істер атқарылуда

23 Қараша 2020, 17:28
2090
Бөлісу:
Атаулы әлеуметтік көмекпен ауқымды істер атқарылуда
PHOTO

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Балық берме, қармақ бер» демекші, Алматы қаласы әкімдігі Халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік көмек көрсету бөлімі халықты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету арқылы кәсібінен нәсібін табуына мұрындық болып отыр.

Әсіресе, бұл тұрғыда өмірлік қиын жағдайға тап болған әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыруға баса назар аудара отырып, кәсіпте шыңдалып, бизнестен береке табуына, жұмысқа орналасып, өмірден өз орнын табуына жағдай жасап отыр.

2019 жылы Алматы қаласында 12 721 отбасы АӘК алса, 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 5 585 отбасының АӘК алуға берген өтініштері қабылданған.

Сондай-ақ 2019 жылы АӘК алушылар ішінен бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз мемлекеттік гранттарды 40 адам иеленсе, ал 2020 жылы 51 адам аталмыш гранттың иегері атанды.

АӘК тағайындалған отбасылар ішінен 3535 адамның еңбекке жарамды екенін айтуға тиіспіз. Оның ішінде 380 адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына түседі. Атап айтқанда, 178 адам қоғамдық жұмыстарға, 14 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 7 адам жастар практикасына, 43 адам қысқа мерзімді кәсіптік курстарға, 138 адам тұрақты жұмыс орындарына орналасады. 

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша кемінде 6 ай уақытша тіркеу талап етіледі, немесе тұрақты тіркеу. Құжаттарды тапсыру кезінде өтініш беру және сәйкестендіру үшін жеке куәлік ұсынылады. АӘК өтініш берген күнге қарамастан, өтініш берген айдан бастап тағайындалады. АӘК тағайындауға өтінішті Egov.kz электрондық үкімет порталында онлайн түрде беруге болады, - деді Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Думан Сандаев. 

Атаулы әлеуметтік көмекпен ауқымды істер атқарылуда


 

Бизнес жобаларды жүзеге асыру мақсатында азаматтар мемлекеттік гранттардың иегері атану үшін өзінің тұрғылықты жері бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығының көмегіне жүгіне алады. Мемлекеттік грант қайтарымсыз, оны иеленгендер тек қана өз кәсібін одан әрі дамытса болғаны. Бұл мемлекет тарапынан бизнес жоспарларды жүзеге асыру үшін 200 еселенген есептік көрсеткішке дейін берілетін қаржы. Бұл грантты өзінің бизнес идеясы бар, кәсібін одан әрі дамтқысы келетін кез келген адамның иеленуге мүмкіндігі бар. АӘК-ті алушылар мемлекеттік грантты ешқандай сертификатсыз ақ ала береді. Үміткерлер тарапынан, жеке куәлік, өтініш және сертификат қажет. Сондай-ақ өзінің бизнес жоспарын арнайы комиссия алдында қорғап шығуы тиіс. 

Атаулы әлеуметтік көмекпен ауқымды істер атқарылуда


 

Мен бала күтімімен көп жыл бойы үйде отырған анамын. 2020 жылдың ақпан айынан бастап атаулы әлеуметтік көмекті алып келемін. АӘК маған әсіресе карантин кезінде өте үлкен көмек болғанын айтуға тиіспін. Қазіргі таңда Халықты жұмыспен қамту орталығында әлеуметтік қызметкер ретінде жұмыс істегеніме 9 айдай болды. Мен секілді «екі қолға бір күрек» таба алмай жүрген жандарды жұмыспен қамтып, отбасын асырауына септігін тиігізіп отырған Алматы қаласы әкімдігі Халықты жұмыспен қамту орталығына айтар алғысым шексіз, - деді Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік қызметкері Махаббат Сыздықова. 

Пандемия кезінде жұмыссыздық біраз отбасын тығырыққа тіреді. Дегенмен АӘК көпбалалы отбасылар үшін үлкен қолдау болды.

Атаулы әлеуметтік көмекпен ауқымды істер атқарылуда


 

Карантин кезінде жұмыссыз қалу көпбалалы отбасы ретінде бізді де тығырыққа тіреді. Осы тұста мемлекет тарапынан берілген АӘК зор қолдау болды. Сондай-ақ Халықты жұмыспен қамту орталығында көпбалалы ана және мүмкіндігі шектеулі азаматша ретінде тіркеуде тұрғандықтан, мемлекеттік грантты иеленуге өтініш бердім. Тігіншілікпен бала кезден айналысатындықтан, бизнес жоспарымды осы бағытта жазып шықтым. Нарық талабы құбылып тұрған осындай кезеңде іс бастауға әлбетте жүрексінгенім рас. Бірақ алдыма айқын мақсат қойып, оны орындауға бар күш-жігерімді салдым. Мемлекеттік грантты жеңіп алып, істі бірден бастап кеттім. Әйелдерге, балаларға, ер кісілерге арналған киімдерді тігіп сатылымға шығара бастадық. Бүгінде ісіміз дөңгеленіп жүріп жатыр. Табысымыз да тұрақты. Өзім секілді көпбалалы аналарға мемлекеттің қолдауымен өз кәсіптерін ашуға кеңес беремін. Менің қолымнан келген нәрсе – әрбіріңіздің қолдарыңыздан келетіні анық, - деді кәсіпкер Айна БУЗИК. 

 

Өзгелердің жаңалығы