Атамқұлов алты жобаны іске қосуды жоспарлап отыр

16 Наурыз 2021, 09:36
1246
Бөлісу:
Атамқұлов алты жобаны іске қосуды жоспарлап отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов қара металлургия өндірісіне қатысты 6 жобаны іске қосамыз деп айтты.

Қара металлургияда биыл нақты көлем индексі – 105 пайыз деп белгіленген. Оның ішінде ферроқорытпа өндірісі 10,4, болат өндірісі 17 және прокат өндірісі 19 пайыз артатындығы жоспарланып отыр. Негізгі екпін «АрселорМиталл Теміртау» және «Қазхром» кәсіпорындарына түседі, - дейді Бейбіт Атамқұлов.

Оның айтуынша, ферроқорытпа, құрылыс арматуралары, болат құбырлар, темір және марганец кенін қайта өңдеу өндірісін арттыруға мүмкіндік беретін 6 жобаны іске қосуды жоспарлап отыр.

2025 жылға қарай өндіріс көлемі жылына 4 млн тонна болатқа жеткізіліп, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының негізгі техникалық қуатын жаңғырту аяқталады. Салынатын инвестиция көлемі - 1,3 трлн теңге, - дейді министр.

Өзгелердің жаңалығы