«Атамекен» ҰКП: Отандық азық-түлік өндірушілерге ерекше көңіл бөлінуі қажет

5 Сәуір 2022, 15:45
2579
Бөлісу:
«Атамекен» ҰКП: Отандық азық-түлік өндірушілерге ерекше көңіл бөлінуі қажет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандық тамақ өнеркәсібінің өкілдері отандық өндірушіні қолдау бойынша шаралар кешенін ұсынды. 

Бұл туралы  «Атамекен» ҰКП Агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры  Ербол Есенеев мәлімдеді.  

Отандық азық-түлік секторына ел басшылығы тарапынан қолдау қажет екендігімен «Атамекен» ҰКП да келіседі. Бүгінде азық-түлік импорты сыни деңгейге жетті, сондықтан 2021 жылдың соңына қарай ол шамамен 4,9 млрд долларды құрады. Біз азық-түлік нарығымызды басқа елдерге береміз. Соңғы айлардағы оқиғалар біздің қаншалықты осал екенімізді көрсетті, кез келген импорт валюта бағамына байланысты. Өзіміздің отандық өнімдерімізді қолдап, дамытатын кез келді. Қазақстандық өнімді сатып алу арқылы біз өз мемлекетіміздің азаматы ретінде өндірісіміздің дамуына үлес қосамыз. Өзіміздің, отандық өнімді таңдауымыз керек, - деді Ербол Есенеев.

Оның айтуынша, ең алдымен отандық өндірісімізді арттырумыз қажет. 

Отандық өнімді еселеп арттыру жұмыстарын жүргізу қажет сонда ғана бағаны тұрақтай аламыз. Егер біз азық-түлік өніміздерімізді артығымен өндірсек, оны тіпті экспортқа да шығаруға мүмкіндік аламыз. Сондықтан Үкіметке деген ұсынысымыз отандық өнімдерге ерекше көңіл бөлу. Ол үшін ұзақмерзімді жеңілдетілген кредиттер берілуі тиіс.  Оған қоса дүкен сөрелерінде отандық өнімдеріміз шетелдік тауарлармен бірдей тұруы керек, -деді  «Атамекен» ҰКП Агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры  Ербол Есенеев.

Айта кетейік, бүгін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «Отандық азық-түлік өнімдерін тұтыну және сату – келешегі мен кедергілер» атты дөңгелек үстел өтті. 

Өзгелердің жаңалығы