Атамқұлов ТМД-ға мүше елдер СІМ кеңесінің отырысына қатысады

1 Сәуір 2019, 17:36
2136
Бөлісу:
Атамқұлов ТМД-ға мүше елдер СІМ кеңесінің отырысына қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ТМД-ға мүше елдердің СІМ кеңесінің отырысы Мәскеуде өтеді. 

"5 сәуірде Мәскеуде Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Түрікменстанның төрағалығымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына қатысады. Іс-шара аясында ТМД-ға қатысушы мемлекеттер сыртқы саяси ведомстволарының басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелерді, Достастық аясындағы ынтымақтастықты дамыту, соның ішінде ғылыми-зерттеу және гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды. Отырыс қорытындысы бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы әріптестікті жандандыру жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы және 2019 жылға арналған ТМД шеңберіндегі көпдеңгейлі сыртқы саяси консультациялардың жоспары қабылданады деп күтілуде", - деді Айбек Смадияров СІМ-дегі апта сайынғы брифинг барысында. 

Отырыс барысында сондай-ақ іргелі зерттеулер саласындағы мемлекетаралық қатынастарды үйлестіру туралы, Мұражай ісі саласындағы ынтымақтастық жөнінде халықаралық шарттардың жобалары, сондай-ақ ТМД жоғары органдарының-мемлекет басшылары кеңесінің және Үкімет басшылары Кеңесінің отырыстарының қарауына енгізілетін бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардың орындалуын беру туралы Конвенцияның жобалары қаралатын болады.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары сондай-ақ 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысының әскери жерлеу орындары мен әскери ескерткіштерді сақтау және тиісті күту қажеттілігі туралы өтінішті, сондай-ақ екінші дүниежүзілік соғыс басталуының 80 жылдығына орай ТМД-ға қатысушы мемлекеттер басшыларының мәлімдемесі жобасының мәтінін қарайды деп күтілуде.

Сонымен қатар, отырыс қарсаңында 4 сәуірде Ресей мен Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының қатысуымен бейресми кездесу жоспарлануда.
Өзгелердің жаңалығы